Елордада иттер мен мысықтарды кастрациялау және стерилизация тегін жүргізіледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада иттер мен мысықтарды кастрациялау және стерилизация тегін жүргізіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107296246355201.webp)
Операция Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы алдын ала беретін «INUCOBO» талондарының негізінде Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 52 мекенжайы бойынша жүргізіледі, анықтама телефоны: 8-701-012-86-12. Ота жасау үшін мысықтар мен иттер толығымен сау, құрттардан емделген және вакцинацияланған болуы керек. Сондай-ақ, операциядан 4-6 сағат бұрын ашығу диетасын сақтау керек. Қабылдау алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Нұр-Сұлтанда иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау және стерильдеу жүргізіледі. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік осал тұрғындары мен қалалық жануарларға арналған баспаналарындағы 2500 ит пен 1500 мысықты кастрация және стерилизациямен қамту жоспарланып отыр.