Елордалық балабақшада еліміздегі алғашқы инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық балабақшада еліміздегі алғашқы инклюзияны қолдау кабинеті ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210732663492542.webp)
ашық дереккөз
«Бүгінде Қазақстанда 160 мыңнан астам ерекше білім алуға қажеттіліктері бар бала бар. Оның ішінде 35 мың бала аутизммен ауырады. Сондықтан биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі «Әр бала мектепке баруға лайықты» инклюзивті білім беруді дамыту жобасы болып табылады. Осы жылдар ішінде болашақтықтардың ықыласпен атқарған ізгі ісінің арқасында өңірлерде 59 мамандандырылған оңалту мекемесі ашылып, жабдықталды. Оның ішінде 22 қалада 43 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Ерекше білім алуға қажеттілігі бар 2 мыңнан астам бала қамтылды. Оның ішінде 600 бала үйде білім алудан шығарылды» деп жазды Бауыржан Байбек өзінің Instagram-дағы парақшасына.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/08/240654065_243101867694513_2064518902903060513_n-1-300x200.jpg)
Оның айтуынша, жалпы инклюзивтік білім беру саласында 420 жаңа біліктілігі жоғары жұмыс орны ашылған. Бүгінде олардан 2 мың маман мен ата-ана арнайы дәріс алған. Мемлекет деңгейінде жүйелі түрде шешу үшін қор заңнама актілеріне 70-тен астам ұсыным мен түзетулер енгізіпті.
«Сондай-ақ, «Болашақ» қорының сарапшылары Нұрсұлтан Назарбаев Қорына тұрақты түрде консультативтік қолдау көрсетеді. Өткен жылы қордың 8 өңірде 16 инклюзияны қолдау кабинетін ашуы, сонымен қатар келесі жылдың соңына дейін аутизммен ауыратын және басқа да ментальды ауытқулары бар балалар үшін соңғы үлгідегі үздік технологияларды ендіре отырып, тағы да 8 заманауи еңселі орталық салуды жоспарлауы маңызды қадам болды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бұдан 7 жыл бұрын бастамашы болған «Кедергісіз келешек» жобасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы басымдықтарының бірі болып табылатынын ерекше атап өткім келеді», - дейді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/08/240453327_280499956747729_7304311866253851002_n-1-300x200.jpg)
Бұл ретте «Барша балаға – тең мүмкіндіктер» қағидатын іске асыра отырып, 2025 жылға дейін колледждер мен жоғары оқу орындарына, сондай-ақ мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың 70 пайызына инклюзивтік білім беруді ендіру міндеттелген.
Ұқсас жаңалықтар