Елорда әкімі жылыту маусымына дайындықты пысықтады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімі жылыту маусымына дайындықты пысықтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107322247726417.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/08/aac9f51b78af90769316ab1041cf454f.jpg)
[caption id="attachment_97918" align="alignnone" width="1280"] Фото: astana.gov.kz[/caption]
Үшінші. Елорданы газдандыру үш кезеңде жүргізілетінін, оның соңғы кезеңі 2023 жылға жоспарланғанын ескере отырып, қалада көмір сатудың 10 нүктесі белгіленді. Жеткізуді есепке алмағанда, орташа құны – 13 мың теңге (көмір сортына байланысты).
2019 және 2020 жылы көмірді сату нүктелерінде ешқандай қиындық болған жоқ, сондықтан биылғы жылыту маусымында да жасанды тапшылыққа жол беруге болмайды, өйткені қоймалардағы отын көлемі жеткілікті.
Төртінші. Жылу электр орталықтары қаланы жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық нысандар болып саналады. Жыл соңына дейін ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де су жылыту қазандықтарын толықтай газға ауыстырамыз.
ЖЭО-3 бойынша жобаға түзету жүргізілді, құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде су жылыту қазандығында да қайта жанданды. Нысанды іске қосу 2022-2023 жылғы жылу беру маусымына жоспарланған, ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде әлеуметтік нысандарды, әкімшілік ғимараттарды және т.б. жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, осы жылы екі газ қазандығының құрылысына кірісеміз. Олардың қуаттылығы ЖЭО-3 қуатынан 2 есе артық. Қазандықтар бірінші кезекте тапшылық болжанатын учаскелерді жылумен қамтамасыз ететін болады», – деп жазды елорда әкімі.