Елордада аула клубтарының жас спортшылары өнер көрсетіп жатыр
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жалпы жарысқа 26 аула клубының 500-ден астам мүшесі қатысып жатыр. Олар қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту, каратэ, армрестлинг, футбол сынды спорт түрлерінен, сондай-ақ домбыра тартып, би билеуден де сынға түсуде.
Бұл жолы «Жас қанат», «Астана», «Бәйтерек», «Береке» және «Жар-Жар» аула клубтарының командалары өнер көрсетті.
Жарыс қортындысы бойынша «Жас қанат» командасы 1-орын алса, «Астана» мен «Береке» аула клубтарының жас спортшылары 2 және 3-орындарды өзара бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар