Елорданың үш көшесіндегі жолдар уақытша жабылады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жөндеу жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Сол себепті, 13-16 тамыз аралығында Республика даңғылынан А.Бараев көшесіне дейінгі оң жақ бұрылыстағы және А.Бараев көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі оң жақ бұрылыстағы съезде қозғалыс ішінара жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар