Елордада кезекті аула клубы ашылды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада кезекті аула клубы ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107415042347285.webp)
ашық дереккөз
Қала әкімдігінің мәліметінше, стадионның ерекшелігі сол 200-ге жуық адам трибунада отырып, балалардың ойынын тамашалай алады.
«Алаң шағын футбол стандартына сай 20х40 метр. Мұнда футбол ғана емес, гандбол турнирлерін де өткізуге болады. Сол сияқты шешінетін және жуынатын бөлмелері де бар. Теориялық сабақтарға арналған зал қарастырылған, бұл залда жұрт әңгіме-дүкен құрып, шахмат, дойбы ойындарын ойнай алады. Балалардың күні бойы үйінен шықпай, телефон, планшет шұқылауы дұрыс емес. Стадион мен аула клубы балаларымыздың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін қажет», - деді «Сайран» құрылыс компаниясының бас директоры Талғат Қожахметов.
Оның айтуынша, тұрғын үй кешенінің жобасында аула клубы мен стадион салу сонау 2009 жылы қарастырылған екен.
Аула клубының ашылуында балалар допты ұршықша иіріп, өз өнерлерін ортаға салды. Сол сияқты «Сайран» клубының ашылуына орай матч өткізді.
Жаңа клубтың балалары негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан. Футбол секциясына тұрақты түрде іріктеу жүргізіледі, сондай-ақ аула клубтары арасында чемпионаттар өткізу жоспарланып отыр.
«Нұр-Сұлтанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аула клубтарының санын 30-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қазір елордада 28 аула клубы жұмыс істейді. Олардың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді қадамдық күйде түрлі секцияларға тегін баруын қамтамасыз ету», - деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
Сарыарқа ауданында осымен бесінші аула клубы ашылып отыр, жыл басында тек екеуі ғана болатын.
Ұқсас жаңалықтар