Мұғалжар көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мұғалжар көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылды
ашық дереккөз

Биыл 10-16 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мұғалжар көшесінің Керей, Жәнібек хандар көшесінен Қоңырөлең көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», — делінген көлік басқармасының хабарламасында.