Нұр-Сұлтан мектептері Ashyq-қа қосылып, қашықтан «құтылуға» тырысады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан мектептері Ashyq-қа қосылып, қашықтан «құтылуға» тырысады
ашық дереккөз

«Барлық білім беру ұйымы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істейді. Оқу кезінде мектептерде күнделікті дезинфекция, тазалау жұмыстары жүргізіледі. Мектепке кіреберісте оқушылардың дене қызуы өлшеніп, ЖРВИ белгілері бар оқушылар оқуға жіберілмейді. Мектепте әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек. Әр сыныпқа бір аудитория бөлінеді. Оқушыларға арналған үзіліс әртүрлі уақытқа белгіленеді. Оқу ауысыммен жүргізіледі», - делінген басқарма хабарламасында.

Ал балабақша топтарына 25 баладан артық жіберілмейді. Сонымен қатар, мұғалімдер мен мектеп техниктері оқу маусымы басталғанға дейін вакцинациядан өтуі тиіс. Мектептерде бұқаралық іс-шара өткізу шектеліп, оқушылар сабақ арасында дене шынықтыру сәтін өткізеді және асханалардың жұмыс кестесі белгіленеді. Сондай-ақ мектептерде медициналық бөлме мен оқшаулау орыны құрылмақ.

«Бірақ біз эпидемиологиялық жағдайдың нашарлау жағдайына дайын болуымыз керек. Онда онлайн оқыту форматына ауысамыз», - дейді басқармадағылар.