Елордада тағы 11 мекеме карантин режимін бұзған

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада тағы 11 мекеме карантин режимін бұзған
ашық дереккөз

Қаланың мониторинг топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Олар күн сайын қаладағы 100-ден астам кәсіпкерлік нысан арасында карантин талаптарын бұзғандарды анықтайды. Мысалы, кеше Алматы ауданында «Пражечка» гриль бары, «Rezident spa» спа орталығы және «Comeback» ойын клубы карантин режимін бұзған. Дәл осындай бұзушылықтар Байқоңыр ауданындағы «Fakir» дәмханасы мен «Правый» лаундж барында да болды. Ал Сарыарқа ауданында «Көктал парк» дәмханасы «Cofee Boom» 2 кофеханасы мониторинг топтарының тексерісінен өткен жоқ. Мекемелерде карантин және бетперде режимі сақталмаған. Есіл ауданының «Мята Lounge» қызметін көрсету орнында, «Alif» кафесінде және «Chechil Pub» барында жұмыс режимін бұзу, жазғы орындардың жұмыс істеуі, келушілер мен әкімшіліктің маска режимін бұзуы, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы анықталды.