Елорда әкімі әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімі әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721074465454224.webp)
[caption id="attachment_94420" align="alignnone" width="810"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
Шағын ауданда балабақша, мектеп салуды, сол сияқты медициналық мекеме, демалыс орындарын, азық-түлік дүкендерін және т.б. қарастыруды тапсырдым.
Сонымен қатар, аумақты абаттандыруға ерекше назар аудару қажет: аула аумақтары, жолдар, канализация, автобус аялдамалары, жарықтандыру.
[caption id="attachment_94421" align="alignnone" width="810"]
Фото: Александр Куприенко[/caption]
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй санын арттырамыз. Мысалы, 2018 жылы 1 800 әлеуметтік пәтер салынған болса, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткіземіз, соңғы 3 жылда әлеуметтік тұрғын үй саны 5 еседен аса артты.
Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы биыл да жалғасады. Бұдан бөлек, тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша қатысушылар санатын кеңейттік", - деп жазды қала әкімі.