Елордада бір күнде карантин талаптарын бұзған 15 мекеме анықталды
Тәулігіне 200-ден астам рейдтік іс-шара өткізіліп, елорданың 240 кәсіпкерлік нысаны тексерілді. Анықталған бұзушылықтардың арасында маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтамау, адамдардың жаппай жиналуы жиі кездеседі. Есіл ауданында "Opus One" кафесі, "Lavash Food" фаст-фуд нысаны және "Aura Club Alanya" түнгі клубы карантин талаптарын сақтамаған. Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы "Буржуй" және "Chili Grill" барларында карантин бұзушылықтарын тіркеді. [caption id="attachment_92691" align="alignnone" width="1024"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін Байқоңыр ауданында орналасқан 7 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар: "Zara" түнгі клубы, "Barrus" лаундж-бары, "Шашлыков", "Gastro Bar" барлары, "Respawn" компьютерлік клубы, "Амир" базары, "Шашлычок" кафесі. Бұл тізімге сондай-ақ Манас көшесіндегі лото клубы, Алматы ауданында орналасқан "Панаехали" бары және Балқантау көшесіндегі коттедж кірді. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын КВИ ауруының 1 300-ге жуық жаңа жағдайы анықталады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс.