Құрбан айтта елорда мешіттерінде айт намазы оқылмайды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы Құрбан айт мерекесі 20 шілде мен 22 шілде аралығында өтеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 20-шы шілде күні барлық мешітте дәстүрлі айт намаздары өткізілмейді. Нұр-Сұлтан қаласында Құрбан айт мейрамында құрбандық шалу онлайн форматта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының qurban2021.kz сайты арқылы жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау және адамдардың көп мөлшерде жиналмауын қамтамасыз ету мақсатында құрбандық шалу рәсімдері өтетін орындар, базарлар әрі шаруа қожалықтары Құрбан айт мерекесі күні жұмысын тоқтатады», - деді Әлмұханов «Карантин жағдайында Құрбан айт мейрамын өткізу» атты онлайн брифингте.
Ұқсас жаңалықтар