Нұр-Сұлтанда карантин тағы күшейеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда карантин тағы күшейеді
ашық дереккөз

«1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына келесі талаптарды қатаң сақтау жалғастырылсын:1.1. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;1.2. қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, кинотеатрларға, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотерея ұтыс ойыны, балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға бармау; 1.3. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.1.5. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру.
  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:
2.1. InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;2.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;2.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру үшін  InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру;2.4. кәсіпкерлердің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында карантин режимін бұзу фактілері мен шағымдарын орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz.сайтын пайдалану;2.5. InfoKazakhstan.kz сайтына шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;2.6. InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу  (осы қаулымен және «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 9 қаулысына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 17 қаулысына қосымшалармен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі).
  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына:
3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq»  жобасын іске асыруды жалғастыру:1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;2) спа- орталықтары;3) сауналар, бассейндер;4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтары (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);5) боулинг клубтары;6) кинотеатрлар;7) театрлар мен филармониялар;8) асхана үлгісіндегі стрит-фуд объектілерін қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;9) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;10)  бильярд клубтары;11)  концерт залдары;12)  ерікті қатысушылар.13) караоке; 14) көрмелер; 15) океанариум;16)  марафондар;17)  көрермендермен спорттық іс-шаралар.18)  лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері;19)  балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);20)  цирктер;21)  қонақ үйлер, отелдер.3.2. Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына және «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулысына сәйкес «қызыл аймақта» болуын ескере отырып іске асыруды қамтамасыз етсін.
  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда қамтамасыз етсін:
4.1. меншік нысанына қарамастан, қаланың зертханалары мен медициналық ұйымдарына ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыру, зерттелетін адамның барлық деректерін ҚР БМСД №67 қаулысының 41-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес толтыру және электрондық жолдаманы ҰСО бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі – БИП) тіркеу(қол жеткізу мүмкін болған сәттен бастап);4.2. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы хаттаманың көшірмесін және есепті 3 сағат ішінде қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ұсыну;4.3. өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады. Бұл ретте COVID-19 -ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған,  сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар барлық қызметкерлердің  күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі;4.4. сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;4.5. қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмыс кестесі жұмыс күндері штаттық кестеге сәйкес, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады;4.6. жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен қамтамасыз ететін «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық көлік объектілерін қоспағанда, қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысына тыйым салу;4.7. діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс  күндері күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, оның ішінде ашық ауада мешіттер, православие шіркеулері және басқа діни объектілер аумағында бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.)  өткізуге, сондай-ақ 30-дан аспайтын адамның қатысуымен еске алуды өткізуді қоса алғанда "Ashyq" жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күндері осы пунктте көрсетілген  барлық объектілердің жұмысына тыйым салу;4.8. сот отырыстарын оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда № 68 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып өткізуді қоспағанда, кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге  тыйым салу;4.9. ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, жұмыс  күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;4.10. «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесі жұмыс  күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;4.11. онлайн режимінде көрсетілмейтін қызмет бөлігіндегі ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;4.12. денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;4.13. жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын  қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,   күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;4.14. серіктесінде  нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы немесе COVID-19 вакцинациясының толық курсын алғанын растайтын құжат болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру;4.15. ЖОО және колледж студенттерінің бітіру емтихандарын қашықтық режимінде тапсыруды ұйымдастыру. Жоғары оқу орындары мен колледждерде бітіру кештерін ұйымдастыруға және өткізуге және дипломдарды офлайн режимде тапсыруға тыйым салу;4.16. жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне диплом беру бойынша жұмысты адамдардың көп шоғырлануын болдырмаумен және беру кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;4.17. абитуриенттердің ЖОО мен колледждерге түсу үшін құжаттарын қашықтық режимінде тапсыруды ұйымдастыру;4.18. білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салу;4.19. меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Тәрбиелеу объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде объектіні карантинге жабу осы Қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;4.20. балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысын (15 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;4.21. балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;4.22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметін ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салынады;4.23. бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және басқа жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған азық-түлік емес тауарларды сататын сауда бутиктерін (бөлімдерін) қоспағанда, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;4.24. туризм объектілері мен халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмысын 80%-дан артық емес толтыру кезінде, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;4.25. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылықты сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, бұл нысандардағы COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттердің орналасуына қарамастан жұмыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен (азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, осы Қаулымен орналасқан жеріне қарамастан қызметі рұқсат етілген объектілерді). Бұл ретте, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттарды қоспағанда, фудкорттардың жұмысы жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі.  «Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-нан 20.00-ға дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен белгіленеді. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады;4.26. аниматроникстер театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10:00-нан 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен белгілей отырып ұйымдастыру;4.27. «Ashyq» жобасына қатысатын океанариумдардың жұмысын топтық экскурсияларға (15 адамнан аспайтын) рұқсат бере отырып, бір келушіге кемінде 4 м2 есебінен, күшейтілген санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10:00-нан 20:00-ға дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен белгілей отырып ұйымдастыру;4.28. кітапханалардың және мұражайлардың жұмыстарына күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, топтық экскурсияларды ұйымдастыруға тыйым салу және штаттық жұмыс режимін белгілеу;4.29. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін көрмелердің жұмысына 1 келушіге кемінде 6 м2 есебінен 70%-дан артық емес, бірақ бір уақытта 150 адамнан аспайтын толтыру кезінде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық жұмыс режимін белгілеу;4.30. мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимараттардың ішінде) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде ашық ауада (жазғы залдарда), күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым сала отырып, тамақты жеткізу және шығаруды штаттық режимде,  «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ға дейін, сенбі және жексенбі күндері тыйым салумен белгілей отырып ұйымдастыру. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады;4.31. асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің  жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, ғимарат ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын отырғызу орындарын сақтай отырып  ұйымдастыру;4.32. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге кемінде 4 месебінен толтырылуымен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, азық-түлік емес базарлар үшін COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттерінің жұмысын қоспағанда жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінсенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып ұйымдастыру;4.33. ашық ауада азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, азық- түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық-түлік емес базарлар үшін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге  тыйым сала отырып ұйымдастыру;4.34. ашық ауада азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысын «демалыс күні» жәрмеңкесін қоса алғанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, демалыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып  ұйымдастыру;4.35. азық-түлік тауарларын өткізу бойынша дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, бір сатып алушыға 4 м2 есебінен толтырылуын сақтаған кезде, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;4.36. азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің жұмысын бір сатып алушыға жобалық қуаттың 4 м2 есебінен 30% -дан артық емес толымдылығын сақтаған жағдайда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай  отырып, сауда алаңы 1000 м2 дейінгі объектілер үшін (сауда желілерінен басқа), жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін,  сауда алаңы 1000 м2 асатын объектілер және жұмыс алаңына қарамастан сауда желілері үшін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейінсенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салумен (онлайн сатуды қоспағанда)  ұйымдастыру;4.37. тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің, оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;4.38. гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;4.39. жабық спорттық объектілердің  жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаумен, топтық сабақтарсыз, тек жеке жаттығулар үшін, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілер үшін сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін және «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;4.40. спорт объектілерінің аумағында жеке тәртіппен және адамдар тобымен ашық ауада спорттық жаттығуларды міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ұйымдастыру;4.41. Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;4.42. облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған және бір мезгілде 30 адамнан аспайтын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ұйымдастыру;4.43. «Ashyq» жобасына қатысушылар үшін 30 адамнан аспайтын марафондар (ашық ауада) өткізуді күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;4.44. көрермендерсіз спорттық іс-шараларды «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;4.45. фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен, орналасқан жеріне қарамастан, бір келушіге  жаттығу залының 4 м2 есебімен және 5м су айнасын қамтамасыз етумен, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін және 5 адамға дейін топтық сабақтар өткізе отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін және  сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;4.46. жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір уақытта бір жолда бір келушінің болуын қатаң түрде қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5м2 су айнасын есептей отырып, топтық сабақтарды өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, "Ashyq" жобасына қатыспайтын объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін және "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;4.47. моншаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір келушіге 4 м2 есебімен, бір адамға 5 м2  су айнасын есептей отырып  күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде және сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;4.48. саунаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен бір келушіге 4 м2 есебімен және  бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып, келушілердің бір уақытта қатысуымен,   күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін және «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;4.49. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) массаж салонына бір мезгілде 3 келушіден артық емес барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен,  «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілер үшін жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін және «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып ұйымдастыру;4.50. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың, «барбер шоптардың» жұмысын (1 келушіге 4 м2 есебінен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша)  орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;4.51. көлік жуу, автомашиналар мен арнайы техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;4.52. өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;4.53. адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;4.54. қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;4.55. ритуалды қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін шектеместен ұйымдастыру;4.56. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының жұмысы келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып, 30% -дан аспайтын толықтырумен немесе 1 келушіге 4 м2 есебінен, 16 жасқа толған  адамдарға рұқсат етумен жүргізіледі және  жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін және сенбі мен жексенбі күндері тыйым салумен белгіленеді.4.57. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін боулинг клубтардың, орталықтарының жұмысына 30%-дан аспайтын толықтырумен, бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін  және сенбі мен жексенбі күндері тыйым салумен белгілеу. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;4.58. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін  театрлар мен филармонияның жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі мен жексенбі күндері тыйым салумен  ұйымдастыру;4.59. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бильярд клубтарының жұмысын 1 келушіге 4 м2 есебінен 30% - дан артық емес толтырумен және ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4м қашықтықта орналастырғанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс  күндері сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін  және сенбі мен жексенбі күндері тыйым салумен ұйымдастыру;4.60. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін караоке жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50% - ға дейін  толтырумен, бірақ 30 орыннан аспайтын жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін және сенбі мен жексенбі күндері тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;4.61. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге тыйым салу;4.62. саябақ аумағында ащық ауада орналасқан аттракциондардың барлық түрінің жұмысына тыйым салу;4.63. орналасқан жеріне қарамастан жабық жағажайлар мен аквапарктардың, оның ішінде бассейндердің жұмысына тыйым салу;4.64. қалалық жағажайлардың, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлердегі жағажайлардың және ашық ауадағы аквапарктардың жұмысына тыйым салу;4.65. студияларда тікелей эфирдегі телебағдарламаларды жүргізу мен жазу кезінде көрермендердің қатысуына тыйым салу;4.66. концерт залдарының, компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, байланыс зоопарктерінің, океанариумдардың, батуттардың, кинорумдардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, сонымен бірге лотерея ұтыс ойыны,  жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және аттракциондардың, спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтың («Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді) қоспағанда ) жұмыстарына тыйым салу;4.67. жабық үй-жайларда да, ашық ауада да (азық-түлік жәрмеңкелерін, оның ішінде ашық ауада «демалыс күнін» қоспағанда) жәрмеңкелердің әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салу;4.68. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, орналасқан жеріне қарамастан, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың  жұмысына тыйым салу;4.69. отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуді қоспағанда), концерттерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды, көрмелерді, акцияларды, шоурумдарды, ұтыстарды (онлайн форматты қоспағанда) және т. б. өткізуге тыйым салу;4.70. жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру объектілерінің (үйірмелердің әр түрлі түрлері) қызметіне тыйым салу;4.71. меншік нысанына қарамастан, жалпы білім беретін мектептер мен балаларды дамыту орталықтары және білім беру орталықтары жанындағы лагерьлердің қызметіне тыйым салу;4.72.  объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілердің жұмысына қойылатын алгоритм талаптарын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысын, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу