Әуезов көшесіндегі учаске уақытша жартылай жабылды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әуезов көшесіндегі учаске уақытша жартылай жабылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210762962221530.webp)
ашық дереккөз
Жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Осы жылдың 8-9 шілде аралығында жаяу жүргіншілер өткелін жайластыруға байланысты Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықтағы Әуезов көшесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады. Бұдан басқа, 9-20 шілде аралығында осы учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», — делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар