Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, екі композитордың туындылары әлі күнге дейін тыңдарманын жоғалтқан жоқ. Н.Тілендиевтің «Аққу», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері әрі «Құстар әні», «Куә бол», «Сарыжайлау» сияқты әндері әлі күнге дейін халықтың жадында сайрап тұр. Ал Б.Шүкеновтің «Отан ана», «Жүрегімде Астана», «Джулия», «Твои шаги» сияқты әндері - музыка өнеріндегі қайталанбас туындылар. Мурал Romul ЖШС бастамасымен Н.Тілендиев даңғылы, 38 мекенжайында бой көтеріп жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қасбетіне салынды.