«Қазақстан Барысы»: Салмақ өлшеу рәсімі өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қазақстан Барысы»: Салмақ өлшеу рәсімі өтті
ашық дереккөз

Осымен 10 жыл қатарынан бабы мен бағы келіскен балуандардың ең мықтысын анықтап келген доданың шымылдығы ертең астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында түріледі. Биыл бұл турнирде республиканың әр өңірінен іріктелген 37 балуан белдеседі. Олардың арасында Айбек Нұғмаров, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Айбол Айтбек сынды танымал балуандар да бар. Айта кету керек, байрақты бәсекеде бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласының намысын Олжас Шінкеев және Айбат Сейтен қорғайды.