Нұр-Сұлтанда дәстүрлі қаржы құралдары бойынша брифинг өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда дәстүрлі қаржы құралдары бойынша брифинг өтті
ашық дереккөз

Шара қала күніне орай ұйымдастырылды. Брифингте қарқынды дамып келе жатқан қаржы индустриясының тетіктері талқыланып, депозитке жинақтаудың балама көздері ұсынылды. Жаңа пайдалы құралдар қазақстандықтардың қаржы пирамидаларындағы және үлестік құрылыстағы қаражатының жаппай тоқырауына байланысты өзектілігін дәлелдеді. АХҚҚ мәліметінше, Қазақстанда финтех стартаптардың саны бизнес пен халық үшін қолжетімді технологияларды ұсынатын 50 компаниядан асты. Мысалы, краудфандинг құралы қайырымдылық әрі әлеуметтік жобалар кезеңінен ұжымдық инвестицияға ауысты. АХҚК ағылшын құқығының арқасында халық салымының табысы мен қайтарымына кепілдік беретін 5 компанияға лицензия берді. Бұл туралы «Proportunity Management Company» инвестициялық финтех платформасының негізін қалаушы Арман Баев былай деді: «Біздің платформа әрбір адамға коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестор болуға мүмкіндік беретін Қазақстандағы алғашқы краудфандинг екендігін алға тартамын. АХҚК инфрақұрылымының арқасында біз ұжымдық инвестициялар түрінде коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға 1,5 мың адамды тарттық. Мұндай механизм халықтың, құрылыс компанияларының және коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алушылардың үлкен қызығушылығын тудырады. Өйткені ол тараптардың әрқайсысының сұранысын қанағаттандырады».