Полиция департаментінде мемлекеттік тілді оқыту курсы өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полиция департаментінде мемлекеттік тілді оқыту курсы өтті
ашық дереккөз

Мемлекеттік тілді оқыту қала әкімдігі жанындағы оқу орталығымен келісімшарт негізінде жүзеге асты. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты курс онлайн режимде өткізілді. Полиция қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша өтеді. Сабақтың мақсаты - қызметкерлердің тілді ауызша және жазбаша қолдану ерекшеліктерін тереңдете меңгерту, яғни мемлекеттік тілдегі мәтіндерді орфоэпиялық нормаға сай оқуын, ауызекі сөйлесуде дұрыс қолдануын өз тарапынан кез келген құжатты дайындай білуге, өз пікірін еркін жеткізуге үйрету. Бүгінгі таңда тәртіп сақшыларынан жасақталған 5 топ  А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша білім алды. Курстың соңында алған білімдерін қорытындылау үшін тыңдаушылардан емтихан қабылданып, деңгейлері бойынша сертификат табысталды. Бұған қоса мемлекеттік тілді өздігімен үйренгісі келетін қызметкерлер үшін жағдай қарастырылған. Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарына арналған мемлекеттік тілді оқытудың (оның ішінде қашықтан оқыту) бағдарламасын әзірледі. Тіл үйренушілер өздеріне ыңғайлы уақытты таңдап, қызмет орнында отырып, өзі қалаған мерзімде оқи алады.