Елордадан бір апта ішінде 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Әкімдік мәліметінше, шығарылған 4 400 тонна қоқыстың 2 969 тоннасы – жасыл контейнерлердегі өңделмейтін қалдық, ал 1 440 тоннасы – сары контейнерлердегі сұрыптауға жататын түрі. Қоқыс шығаруға 100-ге жуық техника мен 150-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Сондай-ақ контейнерлік алаңдарды жуу әрі дезинфекциялау тұрақты түрде жүреді. Қоқысты бөлу қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі маңызды кезең болып саналады. Ол қайта өңдеуден өтеді. Сол себепті қала тұрғындары қоқысты тастар алдында сұрыптауы қажет.
Ұқсас жаңалықтар