Масалар мен шіркейлерді жою жұмыстары жалғасып жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Масалар мен шіркейлерді жою жұмыстары жалғасып жатыр
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, ашық стациялардағы дезинсекциялық іс-шаралар қала орталығынан бастап, шетіне дейін жүргізіледі. Елорданың шет аймақтарынан масалар әрі шіркейлердің жаппай ұшып келуіне жол бермеу мақсатында қала маңындағы қорғаныс тосқауылдары тұрақты негізде жүргізіледі. Өңдеу жұмыстары мамандандырылған дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, хлорпирифос және малатион белсенді затымен ФОҚ (фосфор органикалық қосылыстар) класының инсектицидтік препараттарын қолдану арқылы жүзеге асады. Қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде бұл препараттар адамдар әрі жануарларға қауіп төндірмейді. Жұмыстар белгіленген мерзімдер бойынша жүріп жатыр.