Нұр-Сұлтанда карантин үшінші мәрте күшейтіледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда карантин үшінші мәрте күшейтіледі
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы себепті карантин тағы да күшейтіледі. Карантиндік талаптардың сақталуын анықтайтын мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіліп, тәулік бойғы режимге ауыстырылды. Егер мейрамханаларда/кафелерде және басқа да мекемелерде іс-шаралар өткізілсе, ол нысанның жұмысы тоқтатылады. Сонымен қатар 4 шілдеден бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, кафелер) уақыты 02:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 00:00-ге дейін қысқарады. Сондай-ақ жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекцияланады. Ashyq жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтардың (йога орталықтары, т.б.) жұмысы аптаның барлық күнінде де тоқтатылады. Ал Ashyq жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері тоқтатылады. Қалада қатаң карантиндік шараларды енгізбес үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы тиіс. Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан астам адам алды. Медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70%-дан астамы коронавирусқа қарсы егілді. Вакцинация ғана өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жұрттың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.