Нұр-Сұлтанда қосымша қатаң талаптар енгізіледі
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғандар науқастану деңгейінің 65 пайыззға немесе 1400 жағдайға өсуіне байланысты және эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, қосымша қатаң іс-шаралар енгізілетін болады», - деді санитар дәрігер.
Оның атап өтуінше, елорда аумағында саябақтардағы ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қала күнін атап өтуге де шектеулер енгізіледі. Бұл ретте іс-шаралар онлайн форматта және ашық ауада Ашық жобасы арқылы ғана жүргізіледі. Көрермендердің қатысымен концерттік іс-шаралар да өткізуге болмайды. «Ірі спорт кешендерінде көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге, экскурсиялық турлар ұйымдастыруға тыйым салынады. Білім беру орталықтардында білім алушылардың саны 15-тен 10 адамға дейін қысқартылады және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым қойылады», - деді Сархат Бейсенова.
Ұқсас жаңалықтар