Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар қандай?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар қандай?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107659832024058.webp)
Эфир барысында спикер агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялардың 9 түрі қарастырылғанын айтты. Оның ішінде елорданың аумақтық ерекшеліктеріне әрі Нұр-Сұлтан қаласындағы АӨК өтініштерінің болмауына байланысты субсидиялаудың 3 түрі жүзеге асты: - инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу; - ауыл шаруашылығы жануарларын, машиналар мен технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін несиелеу және лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау туралы; - АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде несиелік әрі лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау. Субсидияның бұл түрі 2017-2018 жылдары жүзеге асты. Жалпы, бағдарлама іске асырылғаннан бері қалада 26 кәсіпорын бойынша 1 310,3 млн теңге сомасына 55 жоба субсидияланды. 2021 жылға бюджеттен 270,5 млн теңге бөлінді: - инвестициялық шығыстарды өтеуге 264 млн теңге; - 6 жоба бойынша бұрын қабылданған міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға – 6,5 млн теңге. Гүлмира Ермолдина Qoldau субсидия алуға өтінім беру платформасы туралы да айтып берді. Ал Бақытжан Ниязов агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы өзекті мәселелер реестрі туралы хабардар етті. Осыған байланысты спикер осы бағытта проблемалар туындаған жағдайда қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарласу қажеттігін айтты ( : 8-775-504-35-17, : t.me/antikorsub, : dagspk@mail.ru).