Кедергісіз әкімдік: #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында тікелей эфир өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Кедергісіз әкімдік: #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында тікелей эфир өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107674041023213.webp)
Есет Байкен Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Аудан әкімдігінің барынша ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимылды жақсарту шеңберінде «бюджетке қатысу», Front-office, Open-space сияқты бірқатар жоба іске асырылуда. Мысалы, «бюджетке қатысу» жобасы аясында аудан тұрғындары аула аумақтарын абаттандыру бойынша қажетті жұмыстарды өздері анықтайды. Сонымен қатар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі мен тиімділігіне сәйкес, негізгі назар Сарыарқа ауданы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына сапалы және уақтылы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған. Кедергісіз кеңістік фронт-офис құрумен қамтамасыз етілген. Оның аясында аудан тұрғындары аудан әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін «бір терезе» қағидаты бойынша бір жерден ала алады. Жыл басынан 8368 мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде: меншік иелерінің бірлестігін құру жөніндегі консультациялық орталық – 42, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы – 89, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы – 413, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – 6702, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі – 898, «тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - 116, консультация – 108.) Бұған қоса тікелей эфирде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, іске асырып жатқан «Адалдық алаңы» жалпы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында Open-space технологиясының жүзеге асырылуы атап өтілді. Жобаның негізгі мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту. Оған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын, айқындығын, есептілігін арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі, аудио және бейнежазба тіркеледі. Аудан әкімдігінің барлық қызметкері, басшылық құрамды қоса алғанда, өз қызметін ашық және айқын кабинеттерде жүзеге асырады. Жұмыс кеңістігін ұйымдастырудың бұл түрі мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты азайтуға арналған. Бұл жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып қана қоймай, аудан халқының сенімін арттыруға мүмкіндік береді.