Ұлы дала – Альфредтің көзімен
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ұлы дала – Альфредтің көзімен](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107705912269770.webp)
Көрме – Германияның «Брем әлемі – жануарлар мен адамдар» музейінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Германия Федеративтік Республикасы Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің бірлескен жобасы. Өз кезегінде Германия Федеративтік Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер көрменің жұмысына сәттілік тілей отыра, халықаралық iстерде әрiптестiктің ұзақ мерзімді болуын тілге тиек етті. Көрмеге А.Брем мұрасынан алынған экспонаттар, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына жасалған үш апталық саяхаттың қорытындысы бойынша фотограф Фолькер Крейдлер мен мәдениет саласындағы журналист Ина Хильдебрандтың жұмыстары қойылды. Ф.Крейдлердің фотосуреттері арқылы көрме XIX ғасыр кезеңін бүгінмен байланыстырып, сол кездегі саяхатшы А.Бремнің көзқарасы қазіргі заманның көркем-деректі суреттерімен бейнеленгенін көруге болады. Шара аясында А.Бремнің Батыс Сібірге жасаған сапары арқылы Германия-Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастың маңызды бөлігі сипатталып, саяхатшыны тек жануарлар әлемі ғана емес, сонымен қоса қоршаған орта мен жергілікті тұрғындардың өмір салты да қызықтырғанын байқауға болады. Көрмеге келушілер А.Бремнің саяхат туралы күнделігінің негізінде саяхат барысын аудиогид арқылы тыңдай алды. Іс-шараға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ дипломатиялық қоғамдастық өкілдері қатысты. Көрмені Ұлттық музейге барушылар осы жылдың 11 қыркүйегіне дейін тамашалай алады.
Көктем ҚАРҚЫН