Елордада ерекше жаяу жүргіншілер жолы пайда болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ерекше жаяу жүргіншілер жолы пайда болды
ашық дереккөз

Әкімдік мәліметінше, аталмыш учаскеде көлік қозғалысы ерекше қарқынды. Бұл учаске жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы аясында таңдалды. Мұнда жаяу жүргіншілер өткелі жол белгісі және таңба проекцияларымен біріктірілген. Осы орын түнде төрт жарықдиодты проектордың көмегімен жарықтандырылады. Автокөлік жүргізушілері әрі жаяу жүргіншілер кез-келген ауа райында жолдағы ақ-сары жолақтар мен белгілерді анық көре алады. Бұл технология елімізде алғаш болып Нұр-Сұлтанда қолданылып отыр.