Ashyq жобасы аясында мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ashyq жобасы аясында мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді
ашық дереккөз

Жоба аясында 62 фитнес-клуб, 27 спа-орталық, 17 бассейн, 3 боулинг-клуб, 42 компьютер клубы, 33 сауна, 760 қоғамдық тамақтану ұйымы, 11 кинотеатр, 7 театр, 5 концерттік ұйым, 9 бильярд клубы, 3 көрме орталығы, 19 лотоклуб, жобаның 43 ерікті қатысушысы, 4 қонақүй және 5 балалар ойын-сауық орталығы жұмыс істейді. Тағы 40-қа жуық қоғамдық тамақтану нысаны жобаға қосылуға ниет білдірді. Ashyq пилоттық жобасы бірінші кезекте келушілер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сол аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға қарамастан бизнестің, кәсіпкерлік нысандарының шектеусіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.