Елордада рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан 37 мың тонна қалдық жиналды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан 37 мың тонна қалдық жиналды
ашық дереккөз

«Қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. Өз пайдасы үшін немесе қатты-тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигонға шығаруға уақыт жұмсағысы келмей, заңнаманы бұзатын экология зиянкестері тарапынан мұндай іс-әрекеттердің жолын одан әрі қатаң түрде тоқтатамыз. Тек осы жылдың басынан бастап экологиялық полициямен бірлесіп, 50-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орнын жойдық. Полигонға 37 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Бүгін қосымша шаралар қабылдау және ҚТҚ үшін рұқсат етілмеген орындардың пайда болуына жол бермеу үшін аудандық әкімдіктермен, экологиялық полициямен, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындармен және т. б. кездесу өткіздім. Бірінші. Экологияны және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін осы жылдың өзінде «Солтүстік жотасы» карьерін одан әрі рекультивациялай отырып, құрылыс қалдықтарын жинауға және өңдеуге арналған алаң жұмысын бастаймыз. Алаңда кірпіш, асфальт, бетон қалдықтары және т. б. сияқты құрылыс қалдықтарын қайта өңдейтін ұсату кешенін орнату қарастырылған. Сонымен қатар мысалы, құрылыс қалдықтарының 50%-ын қиыршық тасқа, 10-15%-ын арматураға және т. б. өңдеуге болады. Екінші. Қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарын жалғастырамыз. Бұл кәсіпорын қуатын екі есе – жылына 250 мың тоннадан 450 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қалдықтарды сұрыптау жартылай автоматты түрге ауыстырылады. Полигонның өзі екі ұяшықтан тұрады.Үшінші. Құрылыс қалдықтарын заңсыз орындарға әкетуді тоқтату фактілері бойынша құрылыс нысандарына мониторинг және рейдтер жүргізу бойынша жедел топтың жұмысын күшейтуді тапсырдым. Себебі негізгі тәртіп бұзушылар - құрылыс ұйымдары.Төртінші. Арнайы бөлінген орындарға қоқыс шығару үшін компаниялармен келісімшарт жасаспаған құрылыс компанияларына қосымша қорытынды жасау қажет. Қасақана заң бұзушылықтар болған жағдайда, біз құрылыс нысандарындағы жұмыс лицензиясын тоқтата тұрамыз.Бесінші. Заң бұзушыларды да 109ikomek бейнебақылау жүйесі арқылы анықтаймыз. Мәселен, тек 20 сәуір мен 31 мамыр аралығында камералар арқылы 24 тәртіп бұзушылық фактісі тіркелді. Жүргізушілер жауапқа тартылды. Камералар санын көбейтеміз», - деп жазды әкім.