Алдағы бес жылда 67 мектеп салынады - Көлгінов
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Елорда – бүгінде Еуразия жүрегі, әлемде ең қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Сәйкесінше халық саны да, соның ішінде оқушылар саны да үнемі өсуде. Мәселен, 2010 жылы қалада 74 мың мектеп оқушысы болса, қазір – 193 мың. Енді 10 жылдан кейін 2030 жылы, бұл көрсеткіш 400 мың оқушыға дейін өседі деп отырмыз. Бұл жақсы хабар, «балалы үй – базар», бізде енді соған сәйкес мектеп құрылысы да қарқынды болу керек. Алдағы бес жыл ішінде 80 880 оқушыға арналған 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Елордада жылына кемінде 10 мектеп салынбаса, өсіп келе жатқан халық санына сәйкес келмей, мектептерге артылған жүктеме әлеуметтік қиындықтар туғызуы ықтимал. Былтыр мәселен, пандемияның өршіп тұрғанына қарамастан елордада 11 мектеп жаңадан бой түзеді. Биыл тағы 16 мектептің құрылысы жалғасуда. Бұл қала құрылысшыларының ерен еңбегі деп білемін. Білім беру мекемелерін ғимаратпен ғана қамту жеткіліксіз. Сапалы білімді арттыру мақсатында болашақ педагогтерді ынталандыру үшін орта білім алуға жыл сайын 800, жоғары білім алуға тағы 300 әкім грантын бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі жоспарлы түрде артатын болады. «Қадамдық қолжетімдік» принципіне сәйкес қосымша 30 «Үй маңындағы дәрігер» нысаны ашылады. Сонымен қатар 5 медициналық мекеме салынады», - деді әкім «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.
Ұқсас жаңалықтар