Пушкин көшесіндегі учаске жабылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Пушкин көшесіндегі учаске жабылады
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтанның көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ мәлім еткендей, Жетіген көшесінен 69 көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүреді. Жол қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жөнделеді, дейді әкімдік. «Қала тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз әрі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген ведомство хабарламасында.