Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Грузия елшілігі ағаш отырғызды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Грузия елшілігі ағаш отырғызды
ашық дереккөз

[caption id="attachment_84508" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] Іс-шараға ҚР Грузия Елшісі Зураб Абашидзе қатысты. «Бүгін бізге осындай іс-шараға қатысу мүмкіндігі туып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Сарыарқа ауданының әкімдігі Грузия Елшілігін қаланы көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды. Бізге осындай мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Сөйтіп, қала үшін де, адамдармен экология үшін де қолайлы жағдай жасап жатырмыз», - деді Грузия Елшісі Зураб Абашидзе.  Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Абдрахман Дауленбаев "Нұр-Сұлтан - ұлы дала жүрегі" атты кітапты табыстады. [caption id="attachment_84507" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] «Бесінші маусым - қоршаған ортаны қорғау күні. Дәл осы күні Сарыарқа ауданы әкімдігі Грузия елшілігімен бірлесіп ағаш отырғызу мүмкіндігі туып отыр. Бұл - жаһандық экологияның өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселені шешу біздің қала тұрғындары үшін де, қоршаған орта үшін де маңызды. Сол себепті, бүгін көшеттер отырғызып, тазалау және суару жұмыстарын жүргіздік. Өткізіліп жатқан іс-шараның жастарға берер тәрбиелік мәні зор, олар болашақта осы үрдісті жалғастырады деген сенімдеміз», - деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Абдрахман Дауленбаев.  [caption id="attachment_84509" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] Саябақта «Грузия елшілігі атынан Сарыарқа ауданына» атты тақтайша орнатылды. Диана БАТЫРБЕК