Сенбілік: Сарыарқа ауданының тұрғындары құстарға ұяшық орнатты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сенбілік: Сарыарқа ауданының тұрғындары құстарға ұяшық орнатты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107768025776910.webp)
Шараға аудан әкімі Есет Байкен мен аудан әкімідігінің қызметкерлері, белсенді тұрғындар қатысты. Олар алдымен аудандағы Баршын көшесі аумағындағы құрылысы жүргізіліп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің маңындағы қоқыс алаңына тазарту жүргізді. "Көгалдандыру айлығы басталғалы бері мұндай сенбілік жұмыстарына тұрақты атсалысып келеміз. Сенбіліктер кезінде тазалық жүргізумен бірге, тал көшеттері де отырғызылды", - деді аудан әкімі Есет Байкен. Тазалау жұмыстарынан соң шараға қатысушылар «Көктал» саябағында құстарға арналған ұяшықтар орнатты. Бұл шараға ауданның кішкентай тұрғындары да өз үлестерін қосты. Жергілікті тұрғын Максим Николайчук жиналғандарға саябақ тарихы туралы әңгімелеп берді. «Көктал» саябағындағы емендерді ХІХ ғасырдың аяғында , ХХ ғасырдың басында Кубрин деген көпес еккен көрінеді. Сол тарихи сабақтастық бүгінде жалғасын тауып, саябақ аумағы жасыл-желекке айналды. Аудан әкімдігінің құстарға ұяшықтар орнату бастамасы - өте жақсы идея. Осы аумақта күн сайын нан ұсақтарының шашылып жатқанын көреміз. Енді тұрғындар оларды бейберекет тастамай құстарды жемдеуге арналған орындары әкеліп берсе, тіптен дұрыс болар еді", - деді ол.