Көлгінов: Биыл елордада 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті салынады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Көлгінов: Биыл елордада 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті салынады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107808919620657.webp)
[caption id="attachment_83134" align="alignnone" width="682"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
"Жастар" сарайынан бастап жас көрерменнің музыкалық театрына дейінгі жолды субұрқақ кешенімен жабдықталған "Театральный" жаяу жүргіншілер желекжолымен (Омаров көшесі) біріктіреміз. Жағалау да абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстармен қамтылған.
Қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындарының негізгі орталықтарының біріне айналады, олар жұмыс пен үй арасында уақыт өткізетін "үшінші орын" болмақ. Бұл - демалып, спортпен шұғылданатын аймақ.
[caption id="attachment_83135" align="alignnone" width="682"]
Фото: Александр Куприенко[/caption]
Сонымен қатар Есіл ауданындағы бірқатар аулада болып, ондағы абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстым (Сарайшық көшесі, 34; Достық көшесі, 5/1; Тұран даңғылы, 9, 11).
Аулаларды көп функциялы етіп жасаймыз. Олардың көпшілігі тыныш және спорттық аймақтардан тұрады, онда балалар да, ересектер де, зейнеткерлер де бос уақытын өткізе алады. Үй жануарларымен серуендеу үшін де жағдай жасалып жатыр.
[caption id="attachment_83136" align="alignnone" width="682"]
Фото: Александр Куприенко[/caption]
Елорданы "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытудамыз. Қаланы одан әрі дамытуда тұрғындардың пікірі маңызды, олардың идеяларын ескеріп жұмыс істеп жатырмыз", - деп жазды А.Көлгінов.