Елорда әкімі қалада қоқыс контейнерлерінің санын көбейтуді тапсырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда әкімі қалада қоқыс контейнерлерінің санын көбейтуді тапсырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107812728574294.webp)
[caption id="attachment_83057" align="alignnone" width="590"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауды жалғастырамыз. Ол үшін қала бойынша контейнерлер орнатылған. ТҚҚ өңдеу деңгейі 75%, қайталама шикізатты алу көрсеткіші 17%-ға жетті. Бұл көрсеткіштерді жоспарлы түрде арттыру қажет.
Бұдан басқа, "Солтүстік тізбегі" карьерін одан әрі рекультивациялай отырып, құрылыс қалдықтарын қоймалау және қайта өңдеу үшін алаң салуға кірістік. Бұл экология мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады.
Полигон екі ұяшықтан тұрады, біріншісі толып қалған. Бейінді органдармен бірлесіп, полигонның ұяшығын рекультивациялауды жүргіземіз.
Пандемия басталғаннан бері адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық заттарды, маскаларды, қолғаптарды және т. б. тастауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды.
Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстарын жалғастырамыз. Құрылыс нысандарына мониторинг және рейдтер жүргізу бойынша жедел топ жұмыс істейді, экополигонға құрылыс қоқыстарын шығару бойынша тексерулер жүргізіледі", - дейді елорда әкімі.