Қабанбай батыр даңғылында автобус жолағымен жүргендерге айыппұл салынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қабанбай батыр даңғылында автобус жолағымен жүргендерге айыппұл салынады
ашық дереккөз

"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті 26 мамырдан бастап "Сергек" АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойынша айналма жолайырығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде бөлінген қоғамдық көлік жолағында жолда жүру ережелерін бұзғандарды қайта тіркей бастайтынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Көрсетілген бағытта тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ осы жолақтың бар екені туралы хабардар ететін жол таңбасы салынған, бүгінде олардың талаптарын сақтау міндетті екені айтылды. "Елорда тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болуды және жол қозғалысын реттеудің қолданыстағы техникалық құралдарының талаптарын басшылыққа ала отырып жүруді сұраймыз. Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақ пен ұсыныс бойынша 53-27-74, 69-75-75, 71-69-77, whats аpp 8-708-382-13-76 телефондары бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады", - деді ПД өкілдері.