Елордада 152 мыңнан астам адам вакцина қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 152 мыңнан астам адам вакцина қабылдады
ашық дереккөз

Қала тұрғындары мен қонақтары қытайлық Sinofarm Hayat-Vak және ресейлік «Спутник-V» вакцинасын қабылдай алады. Басқарма қоймаларында жоғарыда аталған вакциналардың дозалары жеткілікті екені хабарланды. Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, қаланың СОО-ларында және сауда кешендерінде егу аймақтары ашылғаннан бері 22,7 мыңнан астам адам вакцина алған. Естеріңізге сала кетейік, халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Бүгінде елордада «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк» СОО-ларында, сондай-ақ «Сарыарқа», «Астаналық», «Әлем» сауда үйлерінде ашылды. Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.