Ақбұлақ өзеніндегі көпірде жол жөндеу жұмыстары басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақбұлақ өзеніндегі көпірде жол жөндеу жұмыстары басталды
ашық дереккөз

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 21-30 мамыры аралығында Қ.Мұңайтпасов көшесінен А.Янушкевич көшесіне дейінгі учаскедегі көпір көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген басқарма хабарламасында.