Елордада өтетін жәрмеңкелер қараша айына дейін жалғасады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада өтетін жәрмеңкелер қараша айына дейін жалғасады
ашық дереккөз

Өткен демалыс күндері Сарыарқа ауданы Қосшығұлұлы, 14 мекенжайында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды. Ол әр сенбі және жексенбі сайын қараша айына дейін өтеді. [caption id="attachment_80648" align="alignnone" width="1280"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Айтуған Күзербаев, жәрмеңке ұйымдастырушысы: «Осы демалыс күндері Сарыарқа ауданында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды. Мұнда тауар өндірушілер өз өнімдерін алыпсатар делдалдарсыз сата алады. Сол себепті азық-түлік бағасы арзан күйде саудаланады. Қала тұрғындарына қажетті азық-түлік өнімдерінің бәрі ұсынылған: ет, сүт өнімдері, көкөніс, май, жарма, бал секілді түрлі өнімдер бар». Жәрмеңкеге Ақмола, ШҚО, Жамбыл облыстарының, Целиноград ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері және Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысуда. Өнімдердің бәрінде қажетті сапа сертификаты бар. Бұл қала аумағындағы екінші жәрмеңке. Ал біріншісі 17 сәуір күні Есіл ауданы, Сауран, 7 мекенжайында ашылған болатын.