Елордада жүзуден жасөспірімдер арасында ашық чемпионат өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жүзуден жасөспірімдер арасында ашық чемпионат өтеді
ашық дереккөз

Жарысқа еліміздің он төрт өңірінен он төрт команда және екі жүзден аса спортшы қатысады. Спортшылар жүзудің баттерфляй, брасс, кроль, ерлер командасының эстафетасы, әйелдер командасының эстафетасы, аралас құрама эстафетасы түрлері бойынша сынға түседі. Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталады. Елдегі карантин талаптарына сәйкес жарыс көрермендерсіз өтеді. Ұйымдастырушылар: "Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ, "Mtex management" ЖШС. Басталуы: 10:00.