Елордада көпбалалы аналарды кәсіпкерлік негіздеріне үйретеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада көпбалалы аналарды кәсіпкерлік негіздеріне үйретеді
ашық дереккөз

Business Woman KZ ҚБ басқарма төрағасы Сәуле Қайсардың айтуынша, жыл соңына дейін елордада 128 көпбалалы ананы оқыту жоспарланған. «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын және дамытатын ең ірі ұйымбыз. Бес жыл бойы Қазақстан бойынша әйелдерге арналған түрлі іс-шараларды: бизнес-нысандар, шеберлік сыныптарын өткізіп келеміз. Қазір көпбалалы аналарды қолдау мақсатында іс-шара өткізуді шештік. Өз тәжірибемізбен бөлісіп, кәсіпкерлерімізден ынтымақтастық, жұмыс орындарын ұсынғымыз келеді. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылықты дамыту, коуч-жаттықтырушылармен бизнес жүргізу негіздері бойынша мастер-класстар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді ол. Іс-шарада кәсіпкер әйелдер бизнес-жобаларды жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, бизнесті жүргізудегі қиындықтар мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Көпбалалы аналар шешендік өнер, бизнес-жоспарлау және менеджмент курстарын өткізуді сұрады. «Мен тоғыз баланы тәрбиелеп отырмын, олардың бірі - ерекше қажеттілігі бар бала. Осындай іс-шараны өткізгенге өте қуаныштымын. Біз 2019 жылы әкімдікке жұмысқа орналасу туралы өтініш білдірдік. Қала әкімдігі мен Алтай Сейдірұлының арқасында «Алтын шаңырақ ұясы» ҚҚ-да жұмыс істеп жатқаныма бір жыл болды. Болашақта өз ісімді ашқым келеді. Бұл тұрғыда сіздердің қолдауларыңызға үміттенеміз. Сондай-ақ шешендік өнер мен менеджментті оқып үйренсем жақсы болар еді», - дейді көпбалалы ана Алида Отарбаева.