Сарыарқа ауданында бүгіннен бастап демалыс күндері жәрмеңке өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарыарқа ауданында бүгіннен бастап демалыс күндері жәрмеңке өтеді
ашық дереккөз

Қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, тұрғындар үшін азық-түлік өнімдеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру мақсатында өткізіледі. Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды облыстарының елордаға жақын аудандарынан шыққан отандық тауар өндірушілер, шаруа және фермерлік қожалықтар, сондай-ақ, қаланың жеке кәсіпкерлері қатысты. Жәрмеңкеге Ақмола облысынан «Макенова» ЖК, «Кулкатово» ЖК, Қарағанды облысынан «Асхат» ет шаруа қожалығы, Петропавлдан «Панченко» ЖК кондитерлік өнімдері, «Роза» ЖК шұжық өнімдері әкелінеді.