Сарыарқа ауданында 15 мамырдан бастап демалыс күндері жәрмеңке өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сарыарқа ауданында 15 мамырдан бастап демалыс күндері жәрмеңке өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107939346767924.webp)
Демалыс күнгі жәрмеңке елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі мұнда бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті нарықтан төмен бағамен сатып алуға болады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 2021 жылы 17 сәуірден бастап Есіл ауданының Сауран көшесі, 7 мекенжайында жәрмеңке басталды. 15 мамырдан бастап Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайында да осындай жәрмеңке өтеді. Қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, тұрғындар үшін азық-түлік өнімдеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру мақсатында өткізіледі. Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды облыстарының елордаға жақын аудандарынан шыққан отандық тауар өндірушілер, шаруа және фермерлік қожалықтар, сондай-ақ, қаланың жеке кәсіпкерлері қатысты. Алдағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан "Макенова" ЖК, "Кулкатово" ЖК, Қарағанды облысынан "Асхат" ет шаруа қожалығы, Петропавлдан "Панченко" ЖК кондитерлік өнімдері, "Роза" ЖК шұжық өнімдері әкелінеді.