«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы өкілдері ардагерлерге құрмет көрсетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы өкілдері ардагерлерге құрмет көрсетті
ашық дереккөз

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана Жастары» орталығы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери-патриоттық орталығы, «Magnum» Cash&Carry және «Астықжан» сауда орталығының қолдауымен өтті. Аталған шараға Жас сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев пен аталған қозғалыстың қалалық филиалы басшысы Асхат Налшыбек қатысты. «Жастар ардагерлерге әрдайым қолдау көрсетуі керек. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені дәріптеудің бірден бір жолы-ардагерлермен кездесіп, олардың әңгімесін тыңдау деп түсінемін. Біз мереке қарсаңында ғана емес, тұрақты түрде қарттарға көңіл бөліп, қол ұшын созуға тырысамыз» - деді Асхат Налшыбек. Жас Сарбаз тәрбиеленушілері бүгін елордада тұратын 20 ардагерді мерекемен құттықтап, гүл шоғын сыйлады. Майдангерлер болса жастарға алғысын айтып, бата берді.