Елордада бірқатар көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бірқатар көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
ашық дереккөз

Сығанақ көшесі Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан бастап Сығанақ және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы жол айрығына дейінгі учаскеде, сондай-ақ Қорғалжын көшесі бойымен Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты биыл 6-16 мамыр аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.