Елордада әлеуметтік осал топтарға арналған цифрлық сауаттылық курсы ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада әлеуметтік осал топтарға арналған цифрлық сауаттылық курсы ашылды
ашық дереккөз

«Жайна Астана» Қоғамдық бірлестігі I,II,III топтағы мүгедектерге, жеке көмекшілерге және мүгедек балалары бар ата-аналарға арналған цифрлық сауаттылық курстарын ұйымдастырған. Цифрлық сауаттылық курсында Электрондық Үкімет порталы арқылы қызметтерді алу және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызметтерді алу жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар ұйымдастырушылар мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдары туралы толық ақпарат алуға үйретеді.