Ұлттық музейде Камила Жапалованың «Өмір өрнек» көрмесі ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық музейде Камила Жапалованың «Өмір өрнек» көрмесі ашылады
ашық дереккөз

Камила Жапалова картиналарының өзіндік сипаты мен ерекше стилі бар. Картиналардың сюжеттері әртүрлі, көбіне фольклорлық нақышта және лирикалық абстракцияда құрылған, бірақ барлығын біріктіретін элементтер – ұлттық реңк пен композицияның ішкі ырғағы. Автор батик техникасын қолдана отырып ерекше өнер туындыларын дүниеге әкелді. Кенеп бетінде де батик дәстүрін қолданады. Камила Жапалова батик техникасында 20 жылдан астам жұмыс жасайды, бұдан ол шығармашылық ләззат алады. Батиктің алуан түрлілігі автордың шығармашылығына шексіз мүмкіндіктер бергенін мойындайды. Оның туындыларынан ыстық батиктің «кракле» сияқты дәстүрлі тәсілдерін қолданатыны, түстерді мінсіз әрі дәл таңдай білетіні байқалады. Ерекше өнерінің, табандылық пен қажырлы еңбегінің, ізденісінің арқасында бүгінде көптеген марапаттар мен атақтардың иесі. Сонымен бірге суретшінің қоржынында ұлттық киім үлгілері де бар. Автор батик техникасын қолдана отырып ғажап өнер туындыларын дүниеге әкелді. Батикпен қатар суретшінің шығармасында кескіндемелік туындылар да бар. Автор кенеп бетінде де батик дәстүрін қолданады. Көрмеге автордың кескіндеме және батик үлгісіндегі 100-ден астам туындысы ұсынылады және авторлық ұлттық киімдердің сән үлгісі де көрсетіледі. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысады.