Достық көшесінде жол белгілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Достық көшесінде жол белгілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіледі
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, 29 сәуірде Достық көшесінде жол белгілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты Достық көшесінің Мәңгілік ел даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады, сондай-ақ Ақмешіт көшесінен Тұран даңғылына дейінгі бөлігі жабылады. Жұмыстар сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жүргізіледі. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.