Елордалық оқушылар Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың озық оқу орындарына шақырту алды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық оқушылар Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың озық оқу орындарына шақырту алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111693128236509.webp)
Ә. Жәутіков атындағы математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық олимпиадада елорда намысын 24 үміткер қорғаған болатын. Әлемдік пандемияға байланысты онлайн форматта өткен жарысқа әр елден келген 900 оқушы қатысты. Жарыстан жүзден жүйрік болып "Білім-инновация" оқушылары көш бастады.
Атап айтсақ, Әбдікәрімов Бексұлтан, Раушанов Мәрлен және Сам Феттулах күміс медаль иеленді. Оқушылар Оңтүстік Кореядағы "UNIST" университетіне грантпен оқуға шақырту алды. Бұл университет әлем бойынша 176-шы орынды иеленеді, ал Азия бойынша рейтингісі 32 -ші орында.
Дурсунов Аскер және Майдан Нұрсұлтан АҚШ-ғы "Arizona State " университетіне грант ұтып алды. Аталмыш екі университет әлем бойынша үздік білім ордалары болып саналады.
«2020-2021 оқу жылында Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушылары қалалық олимпиададан - 16, республикалық олимпиададан -13, халықаралық олимпиададан - 9 орын иеленді. 2020 жылдың 9-10 желтоқсанында Бразилияның Ново-Гамбург қаласында 752 оқушы қатысқан ғылыми жобалар сайысы онлайн форматта өткізілді. Сайысқа 35 елден үміткерлер қатысты. Соның ішінде Қазақстан да бар. Сайыста "Білім-инновация" лицей оқушылары көш бастап, жүлделі орындарға ие болды», деп көрсетті оқу орнының ұстаздары.