Түркістан көшесіндегі учаскескеде көлік қозғалысы бір айға тоқтатылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Түркістан көшесіндегі учаскескеде көлік қозғалысы бір айға тоқтатылды
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Түркістан көшесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде осы жылдың 25 сәуірі мен 30 мамыры аралығында қозғалыс ішінара жабылды. Аталған учаскеде Түркістан көшесін кеңейту жұмыстары басталды. «Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — делінген басқарманың хабарламасында.