Ақын-жазушылар ағаш отырғызды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ақын-жазушылар ағаш отырғызды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111698128159541.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/04/33e6b817-a11c-425f-ba95-1ffa06383c36-300x200.jpg)
Фото: Сұлтан Сеитов
Қаламгерлер саябақтың Абай көшесіне қараған жағында 25 түп ағаш отырғызды. Жазушылармен бірге Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов та білек түріп, жұмысқа кірісті.
"Бүгін бүкіл республика көлемінде сенбілік ұйымдастырылып жатыр. Осындай игі іске елордалық қаламгерлер де өз үлесін қосуға ниеттеніп, көтеріңкі көңіл-күймен жиналды. Қойшығара Салғараұлы ағамыз "Бұл сенбілікке алдымен өздеріңді көруге келдім. Пандемия жағдайында көп жүріп-тұра алмағандықтан, осындай ел-жұрт қатысатын жұмысқа келгеніміз бір жағынан қаланың тазалығына, экологиясына қосқан пайдалы үлесіміз болса, екінші жағынан жүздесуімізге де сеп болғаны жақсы ғой" деген сөзінде жан бар деп ойлаймын. Бүгін Қаламгерлер аллеясында 25 ағаш отығыздық", — деді
Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы.
Сенбілікте Сұлтан Оразалинов, Қойшығара Салғараұлы, Әлібек Асқаров, Несіпбек Айтұлы, Әдірайым Толымбек, Сәдібек Түгел және басқа да көптеген ақын-жазушылар бір-бір түптен ағаш отырғызды.
Байқоңыр ауданының әкімдігі ұйымдастырған ыстық шәй мен бауырсақ та қаламгер қауымның көңіліп көтеріп, жұмыстан кейін емен-жарқын дидарласуға дәнекер болды.
Авторы: Ғалым Қожабеков